Сайлау • 20 Қараша, 2022

Президент сайлауы: АҚШ пен Канадада дауыс беру басталды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов АҚШ пен Канадада президент сайлауына дауыс беру басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент сайлауы: АҚШ пен Канадада дауыс беру басталды

«Дауыс беру Вашингтонда, Нью-Йоркте, Оттавада басталды. Сан-Францискодағы тағы бір сайлау учаскесі уақыт белдеуін ескере отырып, кейінірек ашылады», деді Шавкат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.

Еске салайық, Қазақстанда таңғы сағат 07.00-ден бастап елдегі президент сайлауына дауыс беру рәсімі басталды. Дауыс беруге ел бойынша барлық 10 033 сайлау учаскесі қатысуда. Шетелдегі 68 сайлау учаскесінің барлығында дауыс беруге болады. АҚШ пен Канададағы бөлімдер уақыт айырмашылығына байланысты кейінірек жұмысын бастады.