![Аружан Сағындықова Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты](/media/2022/11/11/2022_06_21_b5a8c6bf9fb87b7ea94d63b7165e83af.jpeg)
Қазақстандық жас теннисші алғашқы айналымда отандасы Жанель Рүстемовамен бақ сынасты. Мұнда Аружан тартысты бәсекеде Жанельден 4:6, 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды.
Екінші айналымда Сағындықова румыниялық Мария-Сара Попаны 6:3, 7:5 есебімен сүріндірді.
Аружан Сағындықова жартылай финалға шығу үшін әлемнің 484-інші, осы доданың 2-ракеткасы, түркиялық Илай Йорукпен таласады.
Жанель Рүстемова жұптық сында жартылай финалға өтті.