Қазақстан • 09 Қараша, 2022

Астанада IV Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 қараша Астанада IV Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада IV Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтеді

Форум 2018 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл елімізде энергия үнемдеу күнін мерекелеуге орай ұйымдастырылған. 

Форумды Қазақстан мен Германия арасындағы энергетикалық диалог контекстінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ және неміс энергетикалық агенттігі (dena) өткізеді.

Ресми серіктестері Қазақстандық энергия аудиторлар қауымдастығы мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы.

Форумның мақсаты - сарапшылар арасында сындарлы пікір алмасу, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында өзара тиімді әріптестік байланыстарды нығайту. Іс-шара шеңберінде өнеркәсіп пен ғимараттарда энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру мәселелері талқыланатын болады.

Форум Энергия үнемдеуді дамытудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен пленарлық отырыс пен панельдік сессиялардың форматында өткізіледі.