Президент • 14 Қазан, 2022

Қазақстан Ресейге экспорт көлемін арттыруға дайын

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына экспортты арттыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Қазақстан Ресейге экспорт көлемін арттыруға дайын

«Қазіргі таңда өндірістік қуаттарымызды дамыта отырып, біз өзара тиімді негізде шетелдік өнімдердің көптеген түрлерін бір - бірімен алмастыра аламыз. Экспорттық-импорттық операцияларды талдау бұл бағытта кең мүмкіндіктер барын көрсетеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия-Ресей» саммитінде.

Осыған байланысты Президент мысалдар келтірді.

«Мәселен, Қазақстан Орталық Азия елдеріне экспортты 1 млрд долларға арттыруға дайын. Сондай-ақ қазақстандық өнімдерді Ресей Федерациясына жеткізуді 1 миллиард доллардан астам көлемде ұлғайта аламыз. Өңірдің басқа мемлекеттерінде де осындай ресурстар бар екеніне сенімдімін», деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.