Президент • 14 Қазан, 2022

Болашақтың айқын бейнесін сақтау маңызды - Тоқаев

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан саммитте Орталық Азиядағы ынтымақтастық туралы көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болашақтың айқын бейнесін сақтау маңызды - Тоқаев

«Әлемде орын алып жатқан қазіргі қиын кезеңде біз үшін болашақтың айқын және позитивті бейнесін сақтау бұрынғыдан да маңызды», деді Президент сөз басында.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азиядағы ынтымақтастық туралы көзқарасын білдірді.

«Біріншісі - қауіпсіздік. Біздің елдеріміздің достастығы мен ынтымақтастығы тағдырдың өзімен алдын-ала белгіленген. Біз ортақ тарихымызды қорғап, халықтарымыздың әл-ауқаты үшін біртұтас болашақ құруымыз керек. Біздің мемлекеттеріміздің әрқайсысындағы тұрақтылық пен қауіпсіздік аймақтың дамуына тікелей әсер етеді», деп атап өтті Мемлекет басшысы.