
«Кувейттің біздің форумға мүше мемлекет ретінде АӨСШК-ге қосылуы туралы шешім қабылдануда. Мен Кувейт мемлекетін 28-ші мүше мемлекет ретінде құптаймын. Бұл біздің форумның өзектілігін және Азиядағы диалог пен ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін тағы бір рет көрсетті», деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VI саммитінің ашылуында.
АӨСШК ережелеріне сәйкес, ұйымға мүшелік кандидат мемлекет екі іргелі құжатқа қол қойғаннан кейін беріледі: 1999 жылғы 14 қыркүйектегі АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін қағидаттар туралы Декларация және 4 маусымдағы Алматы актісі, Кувейт бұл құжаттарға сейсенбі күні қол қойды.