Әлем • 22 Қыркүйек, 2022

Зеленский Ресейдегі мобилизация жайлы пікір білдірді

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зеленский BILD басылымына берген сұхбатында Путиннің брифингін көрмегенін, бірақ оның шешімінен хабардар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зеленский Ресейдегі мобилизация жайлы пікір білдірді

«Менде барлық қажетті ақпарат бар. Оның айтқандары мен үшін жаңалық емес», деді Украина президенті.

Зеленскийдің айтуынша, ішінара жұмылдыру – елде әскери қызметкерлерімен мәселе барын көрсетеді.

«Біз олардың курсанттарды, күресуді білмейтін жігіттерді жұмылдырғанын білеміз. Бұл курсанттар қайтыс болды. Олар тіпті оқуын аяқтай алмады. Бұл адамдардың бәрі күресе алмайды. Олар бізге келіп ажал құшады», деді президент. 

ж

                                                                    Фото: Гиоргос Мутафис

Сондай-ақ ол Путин өз мақсатына жету үшін барлық мүмкіндікті пайдаланатынын атап өтті.

«Ол Украинаны өз сарбаздарының қанына бөктірмек», деді пікірін ашық айтқан Зеленский.

 

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше