
Өз сөзінде Рим Папасы Орталық Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстанның христиан дін өкілдерінің тарихына тоқталды. Рим Папасы месса рәсімін өткізу кезінде адамдар мәдениеттері мен өмір жолдарына қарамастан бірге екендерін атап өтті. «Құдайдың орындалған уәдесі әрбір шіркеуде көрсетілген, оның әрбір мүшесі болашаққа арналған бұрынғының мұрагері ретінде өмір сүреді», деп жалғастырды сөзін Рим Папасы Франциск.