Технология • 05 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысының тұрғындары тегін байланыспен қамтамасыз етілді

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі отандық байланыс операторларымен бірлесіп, ауқымды орман өрті болған Қостанай облысының барша тұрғындары үшін тегін ұялы байланыс қызметтерін қамтамасыз етті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының тұрғындары тегін байланыспен қамтамасыз етілді

«Атап айтқанда, Kcell/Activ, Beeline, Altel/Теле2 операторлары тұрғындарға тегін ұялы байланыс трафиктерін жолдады. Осылайша, өңір тұрғындары жақындарымен еш кедергісіз байланыс орната алады», делінген министрлік хабарламасында.

​Бұдан бөлек, өрттерді сөндіруге жұмылдырылған шұғыл қызметтердің жұмысын қолдау барысында Tele2/Altel операторы ТЖМ қызметкерлерін байланыспен қамтамасыз ету мақсатында арнайы мобильді базалық станцияны орналастырды.

«Қостанай облысының тұрғындарын өрт апаты салдары жойылғанша сапалы байланыспен қамтамасыз ету мәселесі біздің ведомствоның тікелей бақылауында. Біз отандастарымызға өз тарапымыздан қолдау көрсету бағытында тиісті шараларды жүзеге асырамыз», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше