Оқиға • 28 Шілде, 2022

Маңғыстауда жол апатынан 3 адам қайтыс болды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы ауданында орын алған жол-көлік оқиғасынан екі көліктің жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстауда жол апатынан 3 адам қайтыс болды

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында 27 шілде күні сағат 16:30 шамасында болған.

«Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласына қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан. Екі жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген хабарламада.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025