Аймақтар • 20 Маусым, 2022

Абай облысында автобус жол апатына ұшырады

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында автобус аударылып, 15 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында автобус жол апатына ұшырады

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 19 маусым күні таңғы 04:50-де болған.

«Алакөл-Семей» бағытында тұрақты қатынайтын «Setra-S» маркалы автобус Жарма ауданының тұсындағы жолда Семей қаласына қарай бара жатқан. 56 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, автобус жолдан шығып, аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан екінші жүргізуші мен 13 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды», делінген ақпаратта.

Олардың барлығына алғашқы көмек көрсетілді. Ал қоғамдық көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.