Референдум-2022 • 07 Маусым, 2022

Қоғамның сенімі жоғары

150 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Конституцияға толықтырулар мен түзетулер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижелері бойынша мәлімдеме жасады.

Қоғамның сенімі жоғары

Партия төрағасы Конститу­цияға өзгертулер енгізу бойынша өткен референдумның ашық әрі демократиялық үрдістер­дің сақталуымен өткенін айт­ты. Сайлаушылардың келуі, да­уыс беру нәтижесі азаматтар­дың нақты таңдау құқығын, соның ішінде, өзге пікірде қалу құқығын көрсетеді, деп санайды Азат Перуашев.

«Референдум өзара сый­ластық пен саяси пікір­талас­та сабырлықты сақтай отырып, азаматтарымыздың өзге пі­кірлермен санасуы секілді қо­ғамның жаңа саяси мә­де­ниетін айқындап берді. Рефе­рен­дум барысында учаске­лерді бақылаған «Ақ жол» демо­кратиялық партиясының өкілдері сайлау заңнамасының қатаң бұзылуын тіркемеді. Тек дауыс беру нәтижесіне әсер етпейтін техникалық ақаулар мен сайлаушылар тізіміндегі бірқатар сәйкессіздік байқалды. Референдум қорытындысы талассыз болып табылады және Қазақстан халқының мықты президент, ықпалды парламент пен есеп беретін үкіметі бар мемлекетті басқарудың жаңа моделін құру бағытын қолдайтынын айғақтайды», деді партия төрағасы.

Сондай-ақ ол: «Референ­дум, сондай-ақ, Президент Қ.Тоқаевқа және әділ мемлекет пен Жаңа Қазақстан құру жолындағы миллиондаған қазақстандық үміт артып отырған бастамаларына деген қоғам сенімінің жоғары деңгейін көрсетті. Бірақ 5 маусымда Қазақстан халқы жол ашқан мүмкіндіктердің іс жүзінде жүзеге асуы әрқайсымызға тікелей байланысты. Барлық азаматтарды, кәсіпкерлер мен шенеуніктерді, жастар мен зейнеткерлерді, жұмысшылар мен шаруагерлерді, түрлі ұлттар мен дін өкілдерін – шын мәнінде Жаңа, Әділетті Қазақстан құруға шақырамыз», деді халыққа арнаған мәлімдемесінде.