Қоғам • 31 Мамыр, 2022

Балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

736 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 маусым күні Алматы оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Акция бір күнге арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

«1 маусым балаларды қорғау күнін мерекелеуге орай 16 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте (автобустар, троллейбустар, метро) жүру тегін болады», делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.

Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстанда жыл сайын атап өтіліп, әртүрлі іс-шаралар мен жаппай мерекелер өткізіледі.