Оқиға • 23 Сәуір, 2022

Жамбыл облысында сарбаз көз жұмды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.



Жамбыл облысында сарбаз көз жұмды

«2022 жылдың 22 сәуірінде Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде қатардағы жауынгер Қалбай Әлібек Саламатұлы қайтыс болды. Таңертең сапта тұрған жауынгер кенеттен есінен танып қалған. Әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен, ол есін жимаған күйі қайтыс болған», деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.

Белгілі болғандай, жас жігіт биыл көктемде Маңғыстау облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылды.

«Сарбаздың өліміне қатысты тексеру жұмыстары басталды. Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы Қалбай Әлібек Саламатұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», деп аталып өткен ведомство хабарламасында.