Тағайындау • 30 Наурыз, 2022

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданына жаңа әкім тағайындалды

737 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі ауысты. Бұл лауазымда бұған дейін Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған Саят Шаймин болады, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданына жаңа әкім тағайындалды

«ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Саят Шаймин Қарағанды қаласы Ә.Бөкейхан ауданының әкімі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Бұрынғы аудан әкімі Мейрам Кожухов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Саят Шаймин еңбек жолын «Қарағанды Жолдары» ЖШС күрделі құрылыс бөлімінің маманы болып бастады. «Қазавтожол» АҚ жұмыс істеді. 2019 жылы Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды, ал 2021 жылдың мамыр айында осы басқарманың басшысы болды.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025