
«Оның қолынан бәрі келеді. Расында да Сауль екінші салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанады деп пайымдаймын. Өйткені ол тарихқа атын алтын әріптермен жазуға тырысады. Сауль Альварес жасап жатқан рекордтар басқа боксшылардың әзірге қолынан келмейді. Ол қалаған боксшысына қарсы шаршы алаңға шығады. Әр салмақта топ жарып, таңдай қақтырып жүр. Осылайша өзінің шын мықты екеніне күмән келтірмейді. Мен Саульге сенемін», дейді Спенс.