Экономика • 23 Наурыз, 2022

Қазақстан мұнай экспортын басқа бағыттар арқылы ұлғайтады

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Энергетика министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мұнай экспортын басқа бағыттар арқылы ұлғайтады

Энергетика министрлігі мәліметінше, Новороссийск аумағында қатты дауыл болып, бұл Каспий құбыр консорциумы терминалы жұмысына әсер еткен.

КҚК ақпаратына қарағанда, биылғы 22 наурыздағы кезектен тыс тексеру барысында арнайы үшінші жабдықтың тірегі орнынан жылжып кеткен, сондай-ақ арнайы екінші жабдықтың жүйесіне зақым келгені белгілі болды. Осыған байланысты КҚК тиісті жөндеу жүргізу үшін аталған жабдықтардың жұмысын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

«Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумымен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізіп жатыр. Бұл ретте мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктері пысықталып жатыр», деп жазылған министрлік  атартқан ақпаратта.