
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев келесі кездесуін 25 наурыз күні оңтүстікафрикалық Джонни Мюллерге қарсы өткізетін болды. Қамшыбектің қарсыласы кәсіпқой бокс әлемінде 2009 жылдан бері бақ сынап келеді. Ол 33 жекпе-жек өткізіп, оның 23-інде жеңіске жеткен, 2 рет жеңілістің кермек дәмін татып, 9 мәрте қарсыластарымен тең түскен екен.