Парламент • 08 Ақпан, 2022

Серікбай Трұмов: Өңірлерге бөлінген қаражат тиімді жұмсалуы қажет

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Серікбай Трұмов республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттердің тиімді игерілуін қамтамасыз ету керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серікбай Трұмов: Өңірлерге бөлінген қаражат тиімді жұмсалуы қажет

«Мемлекет басшысының арнайы тапсырмаларының бірі - өңірлерге бөлінетін қаражаттың тиімді жұмсалуы. Осыған сәйкес біздің комитетте арнайы жұмыс тобы құрылды, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіп, сараптама жасалып жатыр

Басты  мақсат - әрбір өңірдегі негізгі әрі ең өзекті деген мәселелерге қаржы жету керек. Сенат қабырғасындағы депутаттар да өңірден сайланған, әрбір аймақтың мән-жайын, жағдайын, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсы біледі. Сондықтан біздің жұмыс тобы өте жоғарғы деңгейде қазір қызмет етуде», деді депутат.

Сондай-ақ депутат республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттердің тиімді игерілуін қадағалау керектігін айтты.

«Бұл - негізгі сипаттағы трансферт, одан кейін мақсатты трансферттердің өңірлерге бөлінетін көлемі де аса маңызды мәселе қатарында.

Мысалы әр өңірдің әртүрлі мәселелері бар. Атырау өңірінде ауыз су , экологияға және жолға қатысты мәселелер бар. Батыс Қазақстан облысында электр энергиясына қатысты мәселелер байқалады. Біздің оңтүстік өңірлерде халық санының өсуіне байланысты мектептердің құрылысына қажетті қаражат керектігі бар. Біз осы қаржының тиісті өңірдегі өзекті мәселелерге жетуі үшін жергілікті атқарушы органдармен, министрліктермен бірлесіп жұмыс тобы құрылды және олармен жұмыс жасап жатырмыз», деді Серікбай Трұмов.