
Осы уақыттан бастап аталған өңірлерде террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленеді. Нұр-Сұлтан қаласында террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі және Батыс Қазақстан облысында қалыпты «сары» деңгейі сақталып отыр. Сондай-ақ, 26 қаңтар күні сағат 00.00-ден бастап Қарағанды облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында террористік қауіптіліктің орташа «сары» деңгейі жойылады.