Хоккей • 26 Желтоқсан, 2021

Халықаралық хоккей федерациясы 2022 жылдың қаңтарындағы барлық турнирлерді тоқтатты

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық хоккей федерациясы қаңтардағы барлық турнирлерді, соның ішінде Қазақстанның әйелдер құрамасы қатысатын турнирлерді де тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық хоккей федерациясы 2022 жылдың қаңтарындағы барлық турнирлерді тоқтатты

Халықаралық хоккей федерациясының медициналық комитетінің ұсыныстарына сәйкес ұйым кеңесі 2022 жылдың қаңтарына жоспарланған федерацияның құзырындағы барлық турнирлерді тоқтату туралы шешім қабылдады.

Олардың қатарында Қазақстан құрамасының қатысуымен 18 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы өтетін әлем чемпионаты да бар. 18 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы турнирлерден басқа, екінші дивизиондағы В тобындағы, сондай-ақ үшінші дивизиондағы жастар арасындағы чемпионаттар да тоқтатылды.

Барлық аталған турнирлерді лиганың міндеттемелеріне байланысты ауыстыру мүмкін емес екені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025