
«Ересектер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлде бұйырды. Әлбетте, мен алтын жүлдемен оралуды армандаған болатынмын. Алайда Белград төрінде ол арманым орындалмады. Әйткенмен сол күмісті алтынға айналдыру жолында тер төгуге әзірмін. Енді мен болашақта үлкен жетістіктерге жету үшін бұрынғыдан екі есе еңбектенемін. Келесі жылдың басты аламаны – Азия ойындары. Қытайда жалауы желбірейтін жарысқа дайындықты қазірден бастап кеттім», дейді талантты боксшы.