Жекпе-жек • 25 Қазан, 2021

Агапова UFC-мен жұмысын жалғастыруға ниетті

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жектен UFC тарихындағы алғашқы қазақстандық жауынгер қыз Мария Агапова (10-2) әлемдегі әйгілі промоушенмен жұмысын жалғастыруға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Агапова UFC-мен жұмысын жалғастыруға ниетті

Ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Жаңа келісімшартты күтіп жүрген жайым бар», деген жазба қалдырды.

Мария Агапова UFC-де 2020 жылдың маусым айында дебюттік жекпе-жегіне шыққан болатын. Алғашқы шайқасында ол бірінші раундта америкалық Ханна Сайферсті мерзімінен бұрын жеңген. Кейін Мария тағы бір америкалық Шейна Добсонға есе жіберді.

Бұдан соң ол UFC-де екінші мәрте жеңіске жетті. Үшінші раундта қазақстандық спортшы колумбиялық Сабин Мазоны (9-3) нокдаунға жіберді, содан кейін оны тұншықтырып, қарсыласын өз еркімен берілуге мәжбүрледі.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15