Спорт • 29 Қыркүйек, 2021

Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында өнер көрсетті

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның Ситжес қаласында әйелдер арасында шахматтан ФИДЕ командалық әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында өнер көрсетті

Қазақстан әйелдер құрамасы турнир кестесіндегі екінші ойын күнінен кейін «В» тобының алты командасынан 4-ші орынға түсті. Қазақстандық шахматшылар Украина өкілдеріне 1,5:2,5 есебімен есе жіберді. Бір партияны Меруерт Камалиденова ғана жеңіп алды, Динара Сәдуақасова тең ойнаса, Жансая Әбдімәлік пен Гүлмира Дәулетова өз кездесулерінен ұтылды.

Қазақстанда ФИДЕ Америка және Польша командаларымен екі ойын қалды. Қазақстандық шахматшылардың 2021 жылғы әлем чемпионатының плей-оффына өте алатыны осы матчтардың нәтижесіне байланысты болмақ.