Әлем • 23 Қыркүйек, 2021

Адамзат климаттың өзгеру кезеңіне жақындады - Борис Джонсон

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсон БҰҰ-да сөйлеген сөзінде 40 күннен кейін өтетін әлемдік көшбасшылардың климат бойынша саммиті «адамзат үшін бетбұрыс кезеңі болатынын» айтты, деп жазады Egemen.kz.

Адамзат климаттың өзгеру кезеңіне жақындады - Борис Джонсон

© AP Photo, Frank Franklin II

Премьер-Министр жаһандық температураның сөзсіз көтерілетінін ескертіп, ел басшыларын осы экологиялық мәселені тоқтатуға күш салуға шақырды.

«Планетамызға ғана емес, өзімізге де зиян келтіретініміз үшін» барлық ел мойнына жауапкершілік алуы керек»,  деді ол Глазгодағы конференция алдында.

Премьер-Министр сонымен қатар ғалымдардың ескертуіне құлақ асатын уақыт жеткенін айтып, онжылдықтың соңына қарай елдер «елеулі өзгеріс» енгізуі тиіс екенін атап өтті.

«Мен мұны төрт бағыт бойынша: көмір, автокөлік, ақша және ағаш отырғызу бойынша міндеттемелер қабылдай отырып жасай алатынымызға сенімдімін», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37