Қазақстан • 26 Тамыз, 2021

Биыл әскерге 17 мыңға жуық сарбаз барады

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл әскерге 17 мыңға жуық сарбаз барады

Қазақстан Президентінің 2021 жылғы ақпандағы Жарлығына сәйкес, 1 қыркүйекте азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталады.

С.Жүсіповтің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қорғаныс министрлігінде өткен жылдармен салыстырғанда, Қарулы күштерге әскерге шақырылушылардың санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланған. Қолданыстағы заңға сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады. Жылдың соңына дейін он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі 17 мыңға жуық жас жігіт әскер қатарына алынады.

«Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Әскери қызметшілерді запасқа шығару олар әскерге шақырылған күннен бастап 12 ай өткеннен кейін жоспарлы түрде жүргізіледі», деді ол.