Күрес • 20 Тамыз, 2021

Қазақстандық балуан әлем чемпионы атанды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уфада күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.  Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі финал өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық балуан әлем чемпионы атанды

Фото: UWW

Қазақстандық балуан Нилуфар Раимова 57 келіге дейінгі салмақта италиян Аврора Руссомен алтынға таласты.

«Бірінші кезеңде қарсылас басым түсті. Алайда, екіншісінде Раимова жеңіске жетті»,  деп хабарлайды ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Қорытынды есеп Нилуфардың пайдасына 8: 6 болды.