Аймақтар • 30 Шілде, 2021

Маңғыстау облысында жаңа жедел құтқару станциясы ашылды

1 мин
оқу үшін

30 шілде күні Ақтау қаласындағы «Приморский-1» шағын ауданында жаңа суда құтқару станциясының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында жаңа жедел құтқару станциясы ашылды

Каспий теңізінің ұзындығын ескере отырып, төтенше жағдайларға тұрақты әзірлікті және жедел ден қоюды қамтамасыз ету үшін суда құтқару станциясын салу қажеттілігі туындады. Станция республикада моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасы шеңберінің аясында өткен жылы салына бастады. Суда құтқару станциясының жаңа ғимараты Каспий теңізінің жағалауында орналасқан. 

Жедел-құтқару жасағы құтқару катерлерімен, сүңгуірлік және суда құтқару жабдықтары мен керек-жарақтарының үлгілерімен жабдықталған. Ашылу салтанатының қонақтарына құтқару техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтарының көрмесі ұсынылды. 

 

Соңғы жаңалықтар

Берлинде бас қосқандар

Таным • Бүгін, 11:18

Ұшақ қонатын күн алыс емес

Аймақтар • Бүгін, 11:17

Жалғыздықты жеңген мейірім

Аймақтар • Бүгін, 11:14

Елдос татамиге оралады

Спорт • Бүгін, 11:08

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:05