Экология • 25 Шілде, 2021

Атырау облысында балық қырылды

3174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 24 шілдеде Құрманғазы ауданында Дархан өзегінің Нұржау ауылдық округіне қарасты бөлігінде балықтың қырылу қаупі бар аймақ анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында балық қырылды

«Осыған орай мүдделі мекемелер мен Нұржау, Жаңаталап ауылдық округтердің әкімдіктеріне хабарланып, аймаққа «Тілекші» ЖШС-нің шабақ құтқару тобының жұмысшылары шақырылды. Сондай-ақ, «Каспий таңы» ӨК, «Каспий балық» ӨК, «Тілекші» ЖШС, «ЛТД Ш. Сулейменов» ЖШС, «Е.Сарсенбаев» ШҚ, «Амангелді атындағы» ЖШС жұмысшылары мен Нұржау, Жаңаталап ауылдық округі әкімдіктері аппаратының техникалары жұмылдырылып, өзек бойы шөп пен балдырлардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде шамамен 100 текше метр шөп шабылды», деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Аталған аймақтан өлген 120 келі алабұға мен 55 келі шортан балығының өлексесі санитарлық нормаларға сай жойылған. Оқиға орнынан балықтар мен су құрамасының сынамаларын алынған.

Қауіпті аймақтан ұсақ балықтардың 3 млн шабағы құтқарылып, Шарон өзеніне жіберілді.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше