Алқалы жиналысқа құқық қорғау және арнайы органдардың басшылығы мен облыстың басқа да мемлекеттік органдары қатысты.
Өнеркәсіптік аймақта халықтың көп бөлігі еңбек ететін әртүрлі бағыттағы көптеген кәсіпорындар шоғырланған. Сондықтан олардың қауіпсіздігі жұмыс берушілер және бақылау органдарының бірінші кезектегі басты міндеті болып табылады.
Облыстық прокуратура ұсынған статистикаға сәйкес, өндірісте жарақат алудың 230-ға жуық фактісі, оның 22% немесе 50-і өлімге әкелді. Осыған орай қылмыстық істерді тергеудің проблемалық мәселелері, уәкілетті органдардың жұмысы талқыланды.
«Өндірісте жарақат алу фактілерін азайту мақсатында «Қауіпсіз еңбек» жобасы әзірленді. Ол жосықсыз жұмыс берушілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тартудың бірыңғай практикасын қалыптастыруға және еңбек жағдайларының лайықсыз болуына төзімсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған», деп мәлімделді облыстық прокуратурада.
Сонымен қатар, полиция органдарында қолданылып жатқан істерді тергеу бойынша әдістемелік ұсыныстар таныстырылды. Жарақаттану деңгейі жоғары аймақтарда арнайы жедел-тергеу топтарын құру жоспарлануда.