Заң • Бүгін, 00:30

Сотталғандардың қоғамдық жұмыс атқару тәртібі өзгерді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен пробация қызметінің және сотталған азаматтардың қоғамдық жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп жазады Egemen.kz.

Сотталғандардың қоғамдық жұмыс атқару тәртібі өзгерді

Жаңа ережеге сәйкес, сот үкімі немесе қаулысы күшіне енгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жергілікті әкімдік:

  • сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамға пайдалы еңбек түрін анықтайды;
  • қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы өкім шығарады;
  • пробация қызметіне үкімнің (немесе қаулының) алынғаны және қоғамдық жұмысты ұйымдастыру туралы өкімнің көшірмесін жолдайды.

Сонымен қатар әкімдік:

  • сотталған адамды арнайы киіммен (жилетпен) және жұмысқа қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді;
  • пробация қызметіне атқарылған уақыт табелін, істелген жұмыс актісін және тәртіп туралы мәліметті жібереді;
  • сотталған адамның қоғамдық жұмыстан жалтарғаны анықталған жағдайда, бұл туралы дереу хабарлайды.

Құжатта сотқа дейінгі пробацияның да қолданылу тәртібі нақты көрсетілген. Ол күдіктілер мен айыпталушыларға ерікті түрде ұсынылады. Пробацияға жататындар:

  • кәмелетке толмағандар;
  • мүгедектігі бар азаматтар;
  • әйелдер (58 жастан асқандар, жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы барлар);
  • ерлер (63 жастан асқандар немесе үш жасқа дейінгі баланы жалғыз тәрбиелеп отырғандар).

Жаңартылған қағида 2025 жылғы 14 қазаннан бастап күшіне енеді.