Ел және Елбасы • 06 Шілде, 2021

Алматыда жасанды интеллект университеті ашылады: Елбасы «QazVaс» вакцинасына қатысты пікір білдірді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы «Qazaqstan» арнасының «Nur-Sulan. Қолтаңба» деректі фильміне берген сұхбатында отандық «QazVaс» вакцинасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жасанды интеллект университеті ашылады: Елбасы «QazVaс» вакцинасына қатысты пікір білдірді

«Қазір бізде медициналық-фармацевтикалық хаб құру мүмкіндігі бар. Тек қана өзімізде шығармай, көршілерді де сол дәрімен қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінде жасанды интеллект бірінші орынға шығып отыр. Алматыда осы бағыттағы университет ашуды қолға алып жатырмын. Оның деңгейі Назарбаев Университеті сияқты болады», деді Н.Назарбаев. 

Елбасы сонымен бірге ауыл шаруашылығы саласын дамыту туралы айтты.

 

«Саланың үлкен болашағы бар. Ауыл шаруашылығы бағытында өндірісті қолға алып, сыртқа экспорттау арқылы мемлекетке қаржы келтіруге болады. Сондықтан жастарға ең алдымен айтарым, білімді болу. Қазір ғылым-білімнің заманы. Ұрпақ соған қарай ұмтылуы керек, сапалы білім алуы керек. Бәріне бірдей университет бітіру мақсат емес. Дүниежүзінде университет бітіргендердің үлесі 10 пайызға да жетпейді. Ең бастысы, қандай мамандық алса да, соның білгірі болу», деді Елбасы «Qazaqstan» арнасына берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше