Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстан делегациясы Үндістандағы Ұлттық сот-эксперттік ғылым университетіне (National Forensic Sciences University) барып қайтты. Бұл оқу орны елде сот сараптамасы, криминалистика, цифрлық сараптама және сот медицинасы саласындағы жетекші мамандандырылған университет.
Кездесу барысында тараптар заманауи білім беру бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ цифрлық криминалистика саласында ғылыми-әдістемелік базаны дамыту тәжірибесімен бөлісу мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар Қазақстанда университет филиалын ашу мәселесі қаралды.
Арнайы назар Қазақстанның құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған қос дипломдық білім беру бағдарламаларын іске қосуға аударылды. Бұл бастама криминалистика мен цифрлық тергеу саласындағы мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені қолдануға мүмкіндік береді.
Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің академиялық мобильдігін дамыту, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және арнайы біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру әлеуетін атап өтті.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар болашақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын тиісті хаттамаға қол қойды.
Айта кетейік, 2026 жылғы 4 желтоқсанда Алматыда ақпараттық технологияларға арналған PROFIT Healthcare Day конференциясы өтеді.
Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды