Елорда • 01 Шілде, 2021

Ashyq жүйесіне қосылмаған нысандардың жұмысына тыйым салынды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысымен бірқатар спорттық нысанның жұмысына шектеу қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ashyq жүйесіне қосылмаған нысандардың жұмысына тыйым салынды

«Ashyq жобасына қосылған фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, бассейндер мен сауналардың, СПА және массаж орталықтарының жұмыс уақыты орналасқан жеріне қарамастан, 5 адамнан аспайтын топпен сабақтар өткізу арқылы жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін белгіленсін. Сенбі және жексенбі күндері аталған нысандардың жұмысына тыйым салынсын», деп жазылған қаулыда.

Сондай-ақ қаулы бойынша Ashyq жобасына қосылмаған бассейндер мен сауналардың, СПА және массаж орталықтарының, пилинг және фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмысына орналасқан жеріне қарамастан, тыйым салынды.

Құжат 4 шілде күнгі сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.