Оқиға • 27 Мамыр, 2021

Соңғы бір аптада 12 адам суға кеткен

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы бір аптада елімізде 12 адам суға кеткен, оның екеуі бала. Бұл туралы онлайн брифингте ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы бір аптада 12 адам суға кеткен

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда елімізде шомылуға рұқсат берілген 469 орын болса, оның үш жүзге жуығы жекеменшік жағажайлар. Жалпы Қазақстанда 50 мыңнан астам су айдыны бар. Оның 125 бөлігінде құтқару бөлімшелері жұмыс істейді. Шомылу маусымы алдында елімізде 48 жылжымалы құтқару бекеті қойылады. Су маңындағы демалыс орындарында арнайы дайындықтан өткен 108 нысанды құтқару бекеті құрылады. Шомылу маусымына дайындықты пысықтаған құтқарушылар қазақстандықтарды суға түскенде сақтық шараларын ұмытпауға шақырды.

«Бүгінгі таңда 53 адам, оның ішінде 26 бала суға батып қайтыс болуы тіркеліп отыр. Жыл басынан су айдындарында барлығы 38 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Суда қаза табудың басты себебі жабдықталмаған, тыйым салынған жерде шомылу», дейді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025