Әлем • 20 Мамыр, 2021

Грекияда курорттық қалашық өртенді

1 мин
оқу үшін

Грекияның Пелопоннес аймағының солтүстігіндегі курорттық қалалардың бірінің орманында алапат өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Грекияда курорттық қалашық өртенді

Курорттық аймақта бірнеше үй отқа оранды. Өртенген үйлердің нақты саны әзірге белгісіз.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, жалын 10 шақырымнан астам аумақты шарпыды. Бейсенбі күні таңертең өрттен пайда болған түтін Афиныға жеткен. Полиция Магарон-Алепохори бағытындағы жолды жауып тастады. Тілсіз жаумен 182-ге жуық маман арпалысып жатыр. 62 өрт сөндіру көлігі, 17 ұшақ және үш тікұшақ жұмылдырылды.

Лутраки қаласының мэрі Георгос Гинис өрттің көрші Алепохори теңіз курортына қарай жайылып бара жатқандығын мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Берлинде бас қосқандар

Таным • Бүгін, 11:18

Ұшақ қонатын күн алыс емес

Аймақтар • Бүгін, 11:17

Жалғыздықты жеңген мейірім

Аймақтар • Бүгін, 11:14

Елдос татамиге оралады

Спорт • Бүгін, 11:08

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:05