Ауа райы • 20 Мамыр, 2021

Солтүстік өңірлерде 2 градус үсік жүреді

1085 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет синоптиктері  20 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік өңірлерде 2 градус үсік жүреді

«Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады. Еліміздің тек оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, дауыл, желдің күшеюі, бұршақ жаууы ықтимал», делінген ақпаратта.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысында  жел екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жауады.

Түркістан облысында жел 15-20 м/с, таңертең және күндіз кей жерлерде дауыл соғады.

Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, түнде желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Қарағанды облысында екпіні 25 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде 2 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау облысының кей жерлерінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.