Үкімет • 18 Мамыр, 2021

Нұрлан Ноғаев: Елімізде бірнеше өңірдің энергия бойынша қарызы бар

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» акционерлік қоғамы алдындағы берешегі бір жыл ішінде айтарлықтай азайған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан Ноғаев: Елімізде бірнеше өңірдің энергия бойынша қарызы бар

Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында айтты. Министрдің сөзінше, бүгінгі таңда энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы берешегі 667 млн теңге болған. Ал 2020 жылдың мамырында берешек мөлшері 7 млрд 481 млн теңге болған екен.

Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың «Богатырь-Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдында жалпы сомасы 1 млрд теңге берешегі бар көрінеді.

«Коммуналдық кәсіпорындардың, көтерме сауда тұтынушыларының, энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдардың Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарындағы және Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларындағы энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың алдында берешегі бар. Бұл энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың жөндеу жұмыстарын уақтылы орындауына теріс әсер етеді. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қызметтер үшін берешекті өтеу жөніндегі жұмысты күшейтіп, жандандыру қажет», деді Нұрлан Ноғаев.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025