Аймақтар • 08 Мамыр, 2021

Ұлы Жеңіс күніне орай тараздық ардагерлерге құрмет көрсетілді

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында жергілікті ардагерлерге құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлы Жеңіс күніне орай тараздық ардагерлерге құрмет көрсетілді

Айтулы күнге орай, Тараз қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін тұрғылықты мекен-жайларына барып құттықтау ұйымдастырылды. Бүгінде көне шаһарда 20 соғыс ардагері тұрады. Кешегі қан майданда Отан қорғаған қайсар азаматтардың ерлігі ұрпақ жадындағы өшпес өнеге. Ардагерлер де сонау отты жылдарға шегініс жасап, басынан өткен ауыр кезеңдер туралы әңгімелеп берді.

Іс-шара барысында ардагерлердің үйлерінің аулаларында №85395 әскери бөлімнің оркестрінің шеруі өткізіліп, соғыс жылдарындағы әуендер орындалды. Сондай-ақ, «Темірқазық» волонтерлық қозғалысының еріктілері ардагерлерге гүл шоқтарын сыйлады. Ұлы Жеңіс қарсаңындағы құттықтауларды соғыс ардагерлері үлкен қуанышпен қарсы алып, іс-шара соңында келушілерге алғыс білдірді. Тараздықтар оқ пен оттың арасынан аман оралған майдангерлерге лайықты құрмет көрсетіп, ардагерлер де жас ұрпаққа батасын берді. Аталған акция мереке күндері жалғасын табатын болады.

 

Жамбыл облысы