Әлем • 01 Мамыр, 2021

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қайтадан қақтығыс басталды

1006 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай шиеленісе түсті, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қайтадан қақтығыс басталды

Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше, Баткен облысының Арқа жерінде тәжік әскери қызметшілері қырғыз азаматтарының тұрғын үйлеріне оқ жаудырылып, ауыл тұрғындары эвакуацияланды. Қалыптасқан жағдайға байланысты ҰҚК ШҚ шекара бөлімшелері қорғаныс позициясын ұстанып отыр.

Қырғыз Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 мамыр күні қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс кезінде Интернационал ауылынан тағы екі адам қаза тапты.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, тұрғындарға оқ тиіп қайтыс болған.

«Сот сарапшылары өлімнің уақыты мен нақты себебін анықтайды», деді Қырғыз Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев.

1 мамыр күні Баткенде шекараларды делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметаралық комиссия мүшелерінің келіссөздері басталуы керек. Бірақ Тәжікстан өкілдігінен кездесуге адам келген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025