23 Желтоқсан, 2013

ОАР азаматтары Францияға наразылық білдіруде

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 12 - OARОрталық Африка Республикасының астанасы Банги қаласында мыңдаған адам Франция билігіне қарсы наразылық білдіріп, ереуілге шықты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, ереуілге шыққандардың көбі мұсылман аудандарының тұрғыны. Олар Францияның қайтадан ОАР ісіне араласып жатқанына наразылық білдіруде.

Франция әскері бірнеше күн бұрын Бангли қаласын өз бақылауына алып, ондағы қарулы топ мүшелерін қарусыздандыруға кіріскен. Содан бері қалаға христиан ауылдарынан құралған «Анти-балаки» қарулы тобы шабуылдай бастады. Кезінде бұлар мұсылман аудандарының «Селека» тобынан зардап шеккен екен. Енді «Анти-балаки» мүшелері өз жауларынан кек алып жатқан көрінеді.

«Халықаралық амнистия» құқық қорғау құрылымының дерегі бойынша, 5 желтоқсаннан бері ОАР-да христиандар мен мұсылмандар арасында орын алған қақтығыстар нәтижесінде мыңнан аса адам қаза болған. Банги қаласын өз бақылауларына алған Франция әскері екі жақтың содырларын қарусыздандыруды көздеп отыр.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: Itar-tass.com