Қоғам • 21 Желтоқсан, 2020

Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі.

«Қазақстанда өндірілген “Спутник V”-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады», — деді А. Мамин.

ҚР Премьер-Министрі Қазақстанда «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік өндірісін жергіліктендірудің ерекше маңыздылығын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025