Меморандумға министрліктердің жауапты хатшылары Жанат Қожахметов пен Бақытжан Темірболат қол қойды.
Министрліктер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудағы шараларды қамтамасыз ету және жүргізу бойынша бірлескен және келісілген іс-шаралар жүргізеді.
Ынтымақтастықтың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға, парасаттылық, ашықтық және әдептілік идеологиясын ілгерілетуге; Министрліктер мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының базасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған бірлескен және келісілген іс-қимылдарды әзірлеу және іске асыру болып табылады.