Әлем • 09 Қыркүйек, 2020

Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Президенті Дональд Трамп Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды

Нобель комитетіне ресми өтінішті Норвегия парламентінің өкілі Кристиан Тибринг-Гедде жіберді. Ол  Трампты Нобель сыйлығына ұсыну туралы хатында Трамп әкімшілігі Израиль мен БАӘ арасындағы қарым-қатынасты орнатуда маңызды рөл атқарғанын айтты.

"Менің ойымша, мемлекеттер арасында бейбітшілік орнатуға тырысты. Демек  ол бейбітшілік сыйлығына басқа үміткерлерден қарағанда көп жұмыс істеді", - деді депутат телеарнаға берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Гедде Трамп соңғы 39 жыл ішінде қарулы қақтығысқа жол бермеген адам ретінде және Таяу шығыстан әскерін шығарған адам ретінде де Бейбітшілігін сыйлығына лайық екенін атап өтті. 

 

Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылдың тарихы қандай?

Қоғам • Бүгін, 18:30