Президент • 25 Желтоқсан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық өңірде Инклюзивті спорт орталығын салуды тапсырды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасау мәселесін көтеріп, Үкімет пен әкімдерге әр облыста Инклюзивті спорт орталықтарын салуды жүктеді. Мемлекет басшысы әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы айрықша бақылауда болатынын және келер жылы әлеуметтік төлемдер көлемі артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық өңірде Инклюзивті спорт орталығын салуды тапсырды

Фото: Ақорда

«Мемлекет ерекше күтімді қажет ететін балалар мәселесіне айрықша мән береді. Кеше мен Астанадағы Инклюзивті спорт орталығында болдым. Сондай орталықтарды еліміз бойынша басқа аймақтарда салу қажет деп санаймын», деді Президент.
Мемлекет басшысы Үкіметке әкімдермен бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты пысықтап, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
«Шын мәнінде, мұндай нысандардың тек елордада ғана болғаны дұрыс емес, әрбір облыста салу керек. Бұл әкімдердің жұмысындағы олқылық деп айтуға болады. Біз – әлеуметтік мемлекетпіз. Сондықтан әлеуметтік міндеттемелерді орындау әрдайым еліміздің айрықша назарында тұратын мәселе. Биыл зейнетақы және жәрдемақы төлеуге 5,9 триллион теңге бөлінді. Келесі жылы бұл көрсеткіш тағы 10 пайызға өседі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 
Соңғы жаңалықтар