Президент • 25 Желтоқсан, 2025

Президент: Алдағы жыл шын мәнінде үлкен бетбұрыс жылы болады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент Жамбыл облысы жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент: Алдағы жыл шын мәнінде үлкен бетбұрыс жылы болады

Фото: Ашық дереккөз

Мемлекет басшысының сөзінше, жасанды интеллекті мен цифрлық экономика – дамыған елдерге тән басты үрдіс.

«Мен үш жыл ішінде Қазақстан цифрлық ел болу керек деген мақсатты айқындадым. Жасанды интеллекті мен цифрлық экономика – дамыған елдерге тән басты үрдіс. АҚШ және Қытай – бұл саладағы ең озық елдер. Қазақстан да өркениеттің даңғыл жолынан шет қалмауы керек. Сондай жағдай болса, келер ұрпақ бізді кешірмейтіні сөзсіз. Ондай қателікке жол бермейміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл мәселеге қатысты алда ауқымды жұмыс көп.

«Жолдауымда мен осы тақырыпқа көп зейін қойдым. Қазіргі таңда Үкімет белсенді жұмысқа кірісті, біраз жоба іске асырылды, бірақ алдымызда ауқымды жұмыс бар. Алдағы жыл шын мәнінде үлкен бетбұрыс жылы болады. Түбегейлі өзгерістердің жаңа кезеңі басталады. Бұл туралы кейінірек жариялап айтамын. Бәріміздің мақсат-мүддеміз – ортақ. Бұл – Әділетті, Қауіпсіз, Күшті және Таза Қазақстанды құру. Ең бастысы, еліміздің ынтымақ-бірлігі мықты болуы керек. Мемлекет пен қоғам бірлесіп, тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Бір ел, бір халық болып, жұмыла білсек, міндетті түрде мақсатымызға жетеміз», деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Онда Президент фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10