Қазақстан • 30 Шілде, 2020

Індеттің тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға төмендеді

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz.

Індеттің тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға төмендеді

"Бүгінгі таңда аурудың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға төмендеді. Індеттен жазылғандардың саны 66 пайызға жетті. Жедел жәрдемді шақыру саны 40 пайызға оның ішінде коронавирусқа байланысты шақыру 52 пайызға азайды. Ауруханаларда жататындардың қолдану деңгейі 90 пайыздан 40 пайызға дейін төмендеді. Осыған байланысты жеті өңірде қосымша бүгінгі деректер бойынша 15 провизорлық стационарлар жабылды. Жедел жәрдем шақырғандардың саны 40 пайызға оның ішінде пневмония бойынша 35 пайызға төмендеді. Ауруханалар  мен емханаларда бір айлық дәрі-дәрмек қорлары құрылды. Бұдан басқа бөлшек сауда нарығын қолдау үшін шетелден 10 миллионға жуық дәрі-дәрмектер Қазақстанға жеткізілді", - деді Ералы Тоғжанов .

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов әлі де босаңсуға болмайтынын жеткізді.