Аймақтар • 09 Шілде, 2020

Өскеменнің бас полицейі коронавирустан қайтыс болды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қалалық полиция басқармасының басшысы Даур Ибраев коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Өскеменнің бас полицейі коронавирустан қайтыс болды

20 маусымда полицейдің коронавирусқа тапсырған сараптамасы оң нәтиже көрсеткен. Одан кейін денсаулығы күннен-күнге нашарлай түскен.

Полиция полковнигі Даур Ибраев - Семей қаласының тумасы, кадр офицері, 2000 жылдан бастап ведомстволық ЖОО-ны бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы полициясының жедел-тергеу бөлімшелері лауазымдарында жұмыс істеген. 
 
"Қызмет барысында өзін тәртіпті және сауатты офицер ретінде көрсетіп, құқықбұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге елеулі үлес қосты.

ШҚО полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, Ішкі істер органдары мен ШҚО Ұлттық гвардиясының ардагерлер кеңесі полицейдің туыстары мен жақындарына өңіл айтады", - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55