Мәскеуде сапер училищесінде оқиды. Екінші дүниежүзілік соғыста оқ пен оттың ортасында жүріп, «Тыңда, Кавказ», «Мен өмір сүргім келеді», «Шығыс ұлына хат» атты азаматтық рухқа толы жалынды дүниелер жазады. Қазақ және орыс тілінде жетік жазатын жас қаламгердің мақалалары «Социалистік Қазақстан», «Комсомольская правда» газеттерінде жарық көрген. Майдан даласында қаламымен де, қаруымен де күрескен Баубек 1944 жылы қаза табады.
Қайсар қаламгер, жалынды жауынгердің туған жері Ұлытау ауданында Баубек Бұлқышевтің 110 жылдығына арналған мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Аудан орталығында орналасқан Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжанов ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.
Аудандағы «Ұлытау» сапар орталығында Баубек Бұлқышевқа арналған «Тау ұлы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел басында Баубек Бұлқышевтің ұрпағы, Амангелді ауылының тұрғыны Қанат Байсалбеков, Ұлытау тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің басшысы Ғалым Оспанов, аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Нұрсұлу Раймова қаламгердің соңында қалған мұрасын арқау еткен баяндама
жасады.
Баубек Бұлқышевтің өмірі мен шығармашылығынан бейнеролик көрсетілді.
Ұлытау облысы