Сурет: olympic.kz
Алғашқы болып кортқа Александр Бублик пен Уго Ниша шықты. Еліміздің бірінші ракеткасы қарсыласын бас көтертпей ұтты – 6:0, 6:3. Александр Шевченко мен Валентин Вашеро арасындағы бәсекеде де дәл сондай есеп тіркелді. Бірақ бұл жолы француз теннисшісі басымдық танытты. Келесі күні Александр Бублик пен Бейбіт Жұқаев Ромейн Арнеодо/Уго Ниш жұбымен күш сынасты. Бұл ойынның тартысты өткені соншалық, барлық сет тай-брейкке дейін ұласты. Бірінші сетте жерлестеріміз жеңіске жетсе, қалған екеуі қонақтардың пайдасынан шешілді – 7:6, 6:7, 6:7.
Шешуші сайыс Бублик пен Вашеро арасында өтті. АТР рейтингінде 25-орында тұрған Монаконың марқасқасы былтыр күзде Шанхайда ұйымдастырылған «Мастерс» турнирінде еліміздің ең үздік ойыншысын ойда-жоқта сүріндірген еді. Бұл жолы да Вашеро сол жеңістің кездейсоқ еместігін дәлелдеді. Есеп – 7:6, 7:6. Сөйтіп, Монакодан 1:3 есебімен жеңіліп, мықтылар санатына қосыла алмаған жерлестеріміз келесі жылы Дэвис кубогінің ІІ Әлемдік тобында өнер көрсететін болды.